Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен көпбалалы әйел екіқабат кезінде асылып өлген

KAZAKBOL.COM

Суға кеткен үйлер. Фото: mgorod.kz

Ақтөбе қаласындағы Қарғалы бау-бақша ұжымында тұрған Қонақбай Кабаров қазір 4 баланы өзі бағып отыр. Көктемгі су тасқынынан соң әйелі Бинеш Жалғасова өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Қонақбай Кабаров пен Бинеш Жалғасова Қазақстанға Өзбекстаннан қоныс аударған. 16 жасында тұрмысқа шыққан Бинеш Жалғасованың жеке куәлігі мүлде болмапты. Көші-қон департаментіне барып, құжат жасату үшін несие алып, көмек те сұраған. Бірақ құжат рәсімдеу мүмкін болмады. Ал биыл көктемде жалғыз баспанасы суға кетіп, үйі тұруға жарамсыз болып қалған.

«Су тасқынынан соң үйіміз апатты деп танылып, бізге Сазды ауылынан жер берілді, 1 миллион теңгенің сертификаты тағы бар. Үйдің ені 9, ұзындығы 11 метр болды. Бинеш ештеңе сездірмеді, өзінің қиналып жүргенін айтпады. Жүкті келіншегім шілде айының 17-сі күні өз-өзіне қол жұмсады.

Құрылыс жүріп жатқан еді, кейін бәрін қалалық әкімдік өз міндетіне алды. Біз құрылыс кезінде далада тұрдық. Қазір екі балам мектепте, біреуі өзімнің жанымда жүр. Бір баламды нағашыларына беріп, Жаңаөзенге жібердім. Алдағы уақытта 3 жастағы қызымды балабақшаға беріп, өзім жұмысқа орналасқым келеді»,- деді Қонақбай Кабаров.

Бұл отбасыға Ақтөбе қалалық әкімдігі көмек көрсетті. Қала әкімінің орынбасары Рузия Айдашеваның айтуынша, Кабаровтар отбасына үй салып, тұрмыстық техникасы сатып алынған.

«Теледидар, тоңазытқыш, кір жуу машинасы алынды. Үйін дайын күйінде тапсырамыз»,— деді ол.

Бұл отбасы бірер күннен соң жаңа үйге қоныс аударады. Қайғылы жағдай тіркеліп, қиындықты бастан кешірген отбасы қиын кезде көмектестен әкімдік қызметкерлері мен «Қолғанат Ақтөбе» қайырымдылық қорына алғысын айтты.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM