Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ақтөбеде жат ағымның жетегінде кеткен әйелдерді түзу жолға түсіретін орталық ашылды

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: antalyatoday.ru

Ақтөбеде жат ағымның жетегінде кеткен әйелдерді түзу жолға түсіретін орталық ашылды. Мұндай діни мекеме ел бойынша әзірге жалғыз деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақтөбеде жат ағымның жетегінде кеткен екі мыңнан астам адам тіркеуде тұр. Ал олардың жартысына жуығы әйелдер. Мамандар дін мәселесіне келгенде қыз-келіншектердің сезімге тез берілетінін айтады. Сондықтан жолай естіген уағызға елтіп, ертесіне-ақ қара жамылып алуға бейім екен.

Қазірдің өзінде жиһад үшін шетел асқан ақтөбелік бірнеше келіншек халықаралық іздеуде жүр. Жыл басында жергілікті тәртіп сақшылары Сириядағы соғысқа бара жатқан бір автобусты ұстайды. Ішіндегі әйелдер күйеулерінің дегеніне көніп аттанған екен. Олармен сөйлескен мамандар ешбірінің діннен жөнді хабары жоқтығын айтады. Сондықтан әсіредіншілердің әлегінен әйелдерді құтқару үшін Ақтөбеде оңалту орталығын ашуды қолға алған.

«Араб елінің діні мен дәстүрін бір-бірінен ажырата алмай сол елдің киімін әкелгісі келетіндер бар. Біздер осындай орталық арқылы үстеріңіздегі қара киім, беттерін жауып жүретін никаб ол біздің дәстүріміз емес ол шариғаттың міндеттегені емес деп түсіндіріп жатырмыз», — дейді Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан.

Ақтөбелік әйелдер діни сауат ашу үшін аймақта өздеріне ешбір жағдайдың жасалмағанын айтады. Еркектер жиналатындықтан қыз-келіншектер мешіттегі жамағатқа қосыла алмай қиналады екен.

«Көшіп-қонып жүргеннен ыңғайлы. Ер адамдар жоқ. Намазымызды оқимыз, сабағымызды оқимыз», — дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Күләш Нұрғалиева.

Жаңа орталықта төрт маман дінге қатысты сабақ беретін болады. Одан бөлек сондағы дәстүр үйінде ұлттық әдет-ғұрыпты насихаттамақшы. Сол арқылы имамдар қара жамылған қыз-келіншектердің бетін бері қаратпақ ниетте.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM