Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбедегі атыста қаза тапқан әскери қызметкердің артында 4 баласы қалды

KAZAKBOL.COM

Кеше Ақтөбедегі теракт кезінде әскери қызметкер Берік Қалиев қаза тапты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбедегі 66/55 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша жұмыс істейтін Берік Қалиев теракт кезінде ерлікпен қаза тапқан. Бүгінде марқұмның артында жары мен 4 баласы қалды.

«Суыт хабарды естіп барғанымызды, бөлемшенің ауласында 3 адамның денесі жатты. Жантүршігерлік жайт… «Берік ерлікпен қаза тапты, ол бөлімшені қорғап қалды» деп бізді жұбатып жатыр. Бүлікшілер әскери бөлімшеге кіріп келіп, адамдарды ойыншық құрлы көрмей қырып тастаған», — дейді марқұмның туысқаны.

Берік Қалиевтің Ақтөбеде әскери қызмет атқарғанына 10 жылдан асқан. Ембі қаласындағы түрмеден Ақтөбеге 5 жыл бұрын ауысқан.

Ақтөбеде радикалды бағыттағы қылмыстық топпен күресте қаза тапқан Берік Ерланұлы Қалиевтің денесі бүгін Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай селосына тікұшақпен жеткізіледі.

Туысқанды марқұмды 8 маусым күні жер қойнына тапсыратынын хабарлаған.

Еске сала кетейік, 5 маусым күні бүлікшілер 66/55 әскери бөлімінің қақпасын сындырып кіріп, суық қарудан оқ жаудырды. Бүлікшілер бірнеше әскери қызметкерді жаралап, екеуін атып өлтірген.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM