Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбедегі діндар жігіт әйелін өлімнен құтқару үшін лаңкестікке барған

KAZAKBOL.COM
Ақтөбедегі теракт

Ақтөбе облысының Кеңқияқ ауылында тұратын мұсылман келіншек дін жолына түскен адамдардың жиі теракт жасауының себебі жұмыссыздық пен шарасыздықтан екенін айтты.

Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Қазір неше түрлі соғыс ашылып кетіп жатыр. Оның бәрі де шарасыздықтан болуы мүмкін. Намаз оқитындардың бәрін шеттетпей, жұмыс тауып беріп жатса басқаша болар ма еді… Олардың өздері мұқтаж адамдарға көмектесіп, өмірге деген құштарлығы оянады деп ойлаймын», — дейді дін жолындағы Гүлмира Сағынбаева.

Ол Ақтөбеде тіркелген жағдайды бұл ойына мысал етіп айтты.

«Кешегі Ақтөбеде болған жағдайда бір жігіт «Мен соғыс ашамын деп ойлаған жоқпын. Ауырған әйеліме ақша керек болып, дүкенді тонауға ғана қатысқым келді» деп айтқан. Мен бұл сөзді ол кісінің өзінен естіген жоқпын, жиналған кезде мұсылман қыздардан естідім. Әйелі жүктілік кезінде ауырып, жүрегі аппаратсыз демала алмай қалған. Оған ота жасату үшін қырғын ақша керек. Ол адам осындай шарасыздықтан ұрлық жасағысы келген. Бірақ сол оқиға кезінде камераға түсіп, терроризмге қатысы бар деген баппен қамауда отыр. Егер ол адам ай сайынғы айлығын алып тұрса мұндай қадамға бармас еді», — дейді ол.

Жұмыс таба алмай сенделген жалғызбасты мұсылман келіншек өздігінен ақша табуды армандайды. Оның үш баласы бар.

«Жұмыс істегім келеді, бірақ мені ешқандай жер жұмысқа алмайды. Мен қазір де кірмеген жұмыс туралы армандаймын. Үйімді жөндесем, балаларымның керегін алып берсем, мұқтаж адамдарға көмектессем деп армандап отырамын. Бірақ оны мен қазір жасай алмаймын, қолымда күш жоқ, жұмыс жоқ. Біздің үлкен жоғарыдағы бастықтарға қарсылығымыз жоқ. Олар «жұмысқа орналастырыңдар» деп айтып жатыр. Бірақ бер жағындағылар орындап жатқан жоқ»,-дейді Гүлмира Сағынбаева.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM