Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ақтөбедегі терактіге қатысты іздеуде жүрген күдіктінің анасы: Мен ана ретінде халықтың қайғысына ортақпын (видео)

KAZAKBOL.COM
Гүлсім Қуанышбаева. Фото: Bnews.kz

Ақтөбе қаласындағы лаңкестік оқиғасына байланысты іздеуде жүргендердің арасында 33 жастағы Бақыт Қуанышбаев та бар. Екі баланың әкесі жұмысқа кетіп, кейін мүлде оралмаған.

Оның отбасы мен ата-анасы теледидар арқылы суреті берілген кезде ғана балаларының күдіктілер қатарына ілігіп, іздеуде жүргенін білген.

Бақыт Қуанышбаевтың анасы Гүлсім Қуанышбаева халықтың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Ана жүрегі баласының адам өлтіргеніне сенгісі жоқ, деп хабарлайды Bnews.kz.

Ал жұбайы Айнұр Омарова күйеуінің бір күштің жетегінде кеткенін айтып налыды.

«Күйеуім жұмыстан шығарда «қазір келіп, Оразаға азық-түлік аламыз» деді. Бірақ сол кеткеннен хабар жоқ. Мен оның адам өлтіргеніне сенбеймін. Ол аңғал, адамға сенгіш, тіпті мысықтан қорқатын адам. Кішкентай бала сияқты болды. Бір ойым бар, оған дәрі егіп, ақыл-есінен адастырып, сол жерге апарған болар»,- дейді А.Омарова.

Ал анасы Гүлсім Қуанышбаеваның қайғылы күннен бері көз жасы бір құрғаған емес.

Бақыт Қуанышбаев. Фото: Bnews.kz

«Екі балам бар. Балаларым ештеңеден таршылық көрмей, қатарынан қалмай өсті. Өзім қатты таң қалып отырмын. 2-3 жылдан бері Алланың ақ жолына түсіп, бес уақыт намазын оқыды. Бір қасиеті бар, ол — сенгіш, аңғал. Жетекке еріп кеткен болар. Оқиға болған күні «халықты қырып жатқан адамдар оңбағандар, адам емес, жауыз шығар» деп айттым. Өз балам бар деп ойламадым. Ондай ой да болған жоқ. Мен ана ретінде халықтың қайғысына ортақпын. Ана ретінде жүрегім жылап отыр. Балам ондайға бармайды. «Жұмысқа кетіп бара жатырмын, түстен кейін келемін. Ертең Ораза, түстен кейін базарға шығып, азық-түлік аламыз» деді. Ал бүгін мынадай жағдайға тап болып отырмыз. Мен не айтарымды білмеймін. Баламды біреу алдап алып кеткен шығар», — дейді ол.

Гүлсім Қуанышбаева хабарды естіген көршілерінің алаңдап, оның мұндай әрекетке барғанына сене алмай жүргендерін, отбасының айналаға сыйлы екенін айтады.

«Екі баласы бар. «Мама менің бес балам болады» деп армандап отыратын еді. Балаларымды тәртіпті, тәрбиелі етіп тәрбиеледім. Дәл осындайға барады деп ойлаған жоқпын. Баласынан айырылғандардың қайғысына ортақпын. Басшылардың айтып отырған сөзін де толық қолдаймын. Бірақ, менің балам дәл сол жерге барды дегенге сенбеймін. Қандай да бір күш-қуат оны алдап алып кетті. Мен енді ол баланы көремін деп те ойламаймын», — дейді ол.

 

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM