Ақтөбедегі теракт
Ал бүгінге дейін тергеу құпиясына байланысты жақ ашқан жоқпыз дейді ақ халаттылар.
«Қолына қару ұстап, адам атқан әр бандиттің қасында болдым. Көрдім. Арақтың иісін мен де сезем. Ішкен бәрі. Емделіп шыққандары да ішкен. Өлгендері де, жарақаттан өлгендері де ішкен», — дейді Ақтөбе облыстық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан.
Жиһад деп шыққан экстремистерден мүңкіген арақ иісін сезген мамандар сол кезде сынама алған екен. Содырлардың барлығының қанынан алкоголь табылыпты. Тіпті біреуінің есірткі пайдаланғаны белгілі болды. Бірақ оны сот-медициналық сараптама жүргізгендер іштерінде бүгіп отыр.
Айта кетелік, 5-ші маусымда 45 әсіредіншілді Дмитрий Таңатаров жалдамалы пәтерге жинаған. Сол жерде ішімдік беріп, дәм ауыз тигізгенге ұқсайды. Кейін жиналғандардың жартысы қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасап, әскери бөлімге басып кірген болатын.
Сол лаңкестік оқиға кезінде 7 адам қаза тауып, содырлардың 18-нің көзі жойылды. Ал тірі қалған жетеуі енді өмір бойы бостандық көрмейді.
Жақында сот тек екі содырдың тәубесіне келгенін түсініп, 20 және 22 екі жылға үкім кесті. Сондай-ақ, шабуылға шығудан бас тартып, жарты жолдан қайтқандар 2-5 жылдан жаза арқалаған айта кетейік.
KAZAKBOL.COM