Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Адвокат: Орхан Инандының қолына түрмедегі ауруханада ота жасалған

KAZAKBOL.COM

Қырғызстандағы халықаралық «Сапат» білім беру мекемесінің президенті Орхан Инандыға Түркиядағы түрменің ауруханасында ота жасалды. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметіне оның адвокаты Халил Ибрагим Йылмаз хабарлады.

Оның айтуынша, Инандыны ұрлаған уақытта оның қолы сынған. Қазір ол отадан кейін әл жинап жатыр.

Адвокат қылмыстық іс материалдарымен танысып жатқанын айтты. Соттың алғашқы отырысы 16 қыркүйекте өтеді.

Түркияда Анкара прокуратурасы Орхан Инандыны 15 жылдан 22 жарым жылға дейін соттауын сұраған. Оған «қарулы террористік ұйымды басқарды» деген айып тағылған. Прокуратура істі сотқа тапсырды.

Бұның алдында адвокат Инандының өзін ұрлаған адамдарды білмейтінін айтқан. Үш қырғыз оны ұстап, көзін байлап, бірнеше сағат бойы көлікпен жүріп, ұшаққа отырғызған.

Орхан Инанды – Түркия тумасы, Қырызстанға 1995 жылы келген, 2012 жылы Қырғызстан азаматтығын алған. Ол халықаралық «Сапат» білім беру мекемесін басқарды. Мекеменің 16 лицейі, халықаралық «Ала-Тоо» университеті, халықаралық UWIS мектебі және төрт толық емес жалпы білім беру мектебі қарайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM