Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан TAPI газ құбыры жобасына қосылмақ

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев өз елінің Түркіменстан — Ауғанстан — Пәкістан — Үндістан газ құбыры жобасана (TAPI) қатысатынын мәлімдеді.

«Өзбекстан TAPI газ құбыры құрылысына қатысады. Біз бұл жобада араласатын жерін табамыз» деді Мирзияев 23 сәуірде журналистермен кездесуінде. Ол TAPI жобасын «Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыратын ауқымды жоба» деп атады.

Өткен аптада Азаттықтың Түркімен редакциясының Түркіменстан үкіметіндегі дереккөзі Гурбангулы Бердімұхамедов Өзбекстанға сапарында Шавкат Мирзияевтен TAPI жобасына көмек көрсетуді сұрамақ екенін хабарлаған.

TAPI жобасының Түркіменстандағы бөлігінің құрылысы 2015 жылы желтоқсанда басталған. Газ құбырының операторы TAPI Pipeline компаниясы Түркіменстаннан Үндістанға газ тасымалдауды 2020 жылдан бастауды жоспарлап отыр. Құбыр іске қосылса, жоспар бойынша Түркіменстанның Галкыныш газ кенішінен жылына 33 миллиард текше метр газ тасымалданбақ.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM