Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Аэрофлот» келесі аптадан бастап Қырғызстанға қайта ұшады

KAZAKBOL.COM

Ресейдің «Аэрофлот» компаниясы келесі аптадан бастап Қырғызстанға қайта ұша бастайды. Осылай деп Қырғызстанның көлік министрінің орынбасары Таабалды Тиллаев хабарлады.

«Қазір Ресейге жолаушылар қатынасы тек ұшақ арқылы жүріп жатыр. Қазақстан келісімін берді. Ресеймен келіссөз жүріп жатыр. Келесі аптадан бастап «Аэрофлот» рейсін қайта ұшыратын болды», — деді Таабалды Тиллаев.

«Аэрофлот» компаниясы бұл жөнінде әзірге ешқандай мәлімет бермеді.

Ресейлік «Аэрофлот», «Победа» әуе компаниялары 8 наурыздан бастап Беларусьтан өзге аймақтарға рейсін тоқтатқан. Осыған дейін S7 Airlines пен Smartavia рейстерін уақытша тоқтатқан. Ресейдегі қырғыз мигранттары ұшақ билеттерінің күрт қымбаттап кеткенін, еліне қайта алмай жатқанын айтады.

Пандемиядан кейін Ресейден Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстанға қатынайтын пойыздар тоқтап қалған. Ақпан айының соңында Қазақстан тарабы пойыз қатынасын қалпына келтіруге рұқсат берген. Бірақ Ресей тарабы әлі жауап бермеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM