Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркияда Ресей елшісін өлтірді деген бес айыпталушы өмір бойы түрме жазасына кесілді

KAZAKBOL.COM

Түркияда Ресей елшісі Андрей Карловтың өліміне айыпталған бес адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Елшіні 2016 жылы желтоқсанда Анкара қаласындағы сурет көрмесінде сөйлеп тұрғанда атқан. Оны атқан 22 жастағы полиция қызметкері Мевлүт Алтынташты қауіпсіздік күштері оқиға болған жерден атып өлтірген.

BBC бұл оқиға бойынша 28 адамға айып тағылғанын жазған. Олардың ішінде алтауы бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге сотталса, тағы алты адам ақталып, шетелде жүрген бірнеше адамға сыртынан үкім шығарылған.

РИА Новости агенттігі өз тілшісіне сілтеме жасап, тоғыз адам бес жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге сотталып, бесеуі ақталып, тағы тоғыз күдіктіге іздеу жарияланынғанын хабарлады.

Бұл іс бойынша сот 2019 жылдың қаңтар айында басталған. Сотта айыптаушылардың АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхуллах Гүленге қатысы бар екені айтылған. Анкара ФЕТО деп атаған Гүленнің ұйымын террорлық деп тапты.

Андрей Карлов Ресейдің Түркиядағы елшісі қызметіне 2013 жылдың шілдесінде тағайындалған. Ресей сыртқы істер министрлігінің Консулдық департаментін басқарып, 2001-2006 жылдары Ресейдің Солтүстік Кореядағы елшісі болған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM