Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Путин туралы фильм түсірген ресейлік компания Мирзияев туралы түсірілімге кірісті

KAZAKBOL.COM

Ресейлік «Мастерская» киностудиясы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев туралы деректі фильм түсіруге кірісті. Фильмге «Өзбеккино» көмектесіп жатыр. Тапсырысты Өзбекстан президентінің әкімшілігі берген.

Фильмді биыл тамыз айында, Өзбекстандағы президент сайлауы қарсаңында көрсетілмек.

«Мастерская» кино компаниясы 2015 жылы Ресей президенті Владимир Путин жайында «Президент. Жаңа Ресей тарихы» деген фильм түсірген. Фильм сыншылар тарапынан Путинді мақтап-мадақтау деген сынға қалған. 2018 жылы аталған студия тележүргізуші Владимир Соловьев пен Владимир Путиннің бір жарым сағаттық сұқбатын жариялаған.

Киносыншы Акмал Ризаевтың сөзінше, Мирзияев туралы түсіріліп жатқан фильмнен хабары бар, Путин жайындағы фильме ұқсайды. Оның продюсері қазақстандық Саида Медведева екен.

Медведева қазір Ташкентте, фильмді түсіруді бастап кетті. Фильмді 1 қыркүйек, Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында әрі президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқаны кезінде көрсетпек.

Бес жылдық мерзімі аяқталып жатқан Шавкат Мирзияев ешқашан шетелдік БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп көрмеген.

2018 жылы Шавкат Мирзияев 61 жасқа толғанда, «Мәртебелі президент» деген деректі фильм түсірілген.

Өзбекстан кезекті президент сайлауы биыл 24 қыркүйекте өтеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM