Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алғашқы қар тәжікстандықтарды әбігерге түсірді (видео)

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанға жауған алғашқы қар астананы елдің солтүстік аймақтарымен жалғастыратын жолдардағы қозғалысты қиындатты. Душанбе – Чанак тас жолында тастар құлаған.

Ауа райы бұзылған жағдайда, бұл жол жабылады, деп мәлімдеді Душанбе – Чанак автожолына қызмет көрсететін IRS компаниясының баспасөз хатшысы Далери Абдулло.

«Жолда компания мамандары жұмыс істеп жүр. Олар жауған қар мен құлаған тасты тазалаумен әлек. Жолдың кейбір тұстарында қалың тұманға байланысты баяу жүруге тура келді», — деді автожүргізуші Мұхиддин Кулматов.

Тәжікстанның гидрометеоорталығы бұған дейін қолайсыз ауа райы туралы хабарлаған. Соған қарамастан, алғашқы қар көптеген тәжікстандықтарды әбігерге түсірді. Әлеуметтік желілерде қар басқан жеміс-жидек бақтарының суреттері жарияланды. Бірқатар аймақтарда алма және басқа да жемістерді жинау мүмкін болмай қалды. Дегенмен, Тәжікстан ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, диқандар күн суытатынын естіген. Соңғы күндері барлық шаруашылықтар күні-түні мақта жинаумен айналысқан.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM