Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстандық құқық қорғаушының үйін өртемек болған

KAZAKBOL.COM

Алматыда павлодарлық құқық қорғаушы Елена Семенова баспасөз мәслихатын өткізіп, үйіне «белгісіз біреулер жанғыш заты бар екі бөтелке лақтырып кеткенін» хабарлады.

— Сейсенбіге қараған түні Павлодардағы үйімді өртемек болды. Терезеге лақтырған бір бөтелке терезенің сыртындағы темір торға соғылып, үйдің сыртқы жағы өртенген. Екінші бөтелке сынбай, өрт болмаған. Мен мұны және бұған дейінгі жайттардың бәрін ескере отырып, мені осылайша қорқыту әрекеттері жасалып жатыр деп білемін, — деді құқық қорғаушы.

Қазанның 7-сі күні Страсбург қаласына ұшуы тиіс Елена Семенованы әуежай қызметкерлері ұшаққа өткізбеген. Семенова Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының депутаттарымен кездесуге баруы тиіс болатын. Әуежайдағы шекара қызметкерлері құқық қорғаушыға «Қарағанды облыстың ішкі істер департаментінің тапсырмасы бойынша оған Қазақстаннан шығуға болмайды» делінген қағаз ұсынған.

2018 жылғы шілденің 3-і мен 5-і аралығында Елена Семенова Страсбургте Еуропа парламенті мүшелерімен кездесу барысында Қазақстан түрмелері мен қамауда ұстау орталықтарына түскен адамдарға қатыгездікпен қарайтыны туралы баяндаған. Құқық қорғаушының сөзінше, тұтқындағылар ұрып-соғу, зорлау, қорлау және медициналық жәрдемнен айыру тәрізді азаптау мен қатыгездікке душар болған. Ал 23 шілдеде құқық қорғаушының үйін тергеушілер тінтіген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM