Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматы мен Астанада «журналистерге қарсы қылмыс жасады» деген күдікпен 18 адам ұсталды

KAZAKBOL.COM

Полиция журналистерге қарсы заңсыз әрекет жасады деген күдікпен 18 адам ұсталды. Бұл туралы мәлімет Polisia telegram-арнасында жарияланды.

Мәліметте 2022 жылғы қыркүйектен бастап 20 ақпанға дейінгі аралықта Алматы мен Астанада «алты журналист пен блогерге, сонымен бірге олардың қызметіне қатысы бар бір адамға қарсы бірнеше заңсыз әрекет жасалғаны» айтылған. Журналистер мен блогерлердің аты-жөні хабарланбады.

«Жәбірленушілердің жылжымайтын мүлкін бүлдіру, автокөліктерін өртеу, түрлі заттар жолдау арқылы қорқыту, терроризм акті туралы жалған хабар тарату, азаматтық жеке мәліметтерін интернетте жариялау қылмыстары жасалған», — деп хабарлады ІІМ.

Полиция мәліметінше, осы қылмыстарды ашу үшін мекемеаралық шұғыл тергеу тобы құрылған. Қазір 20 қылмыстық іс тергеліп жатқаны мәлім.

Кейінгі жарты жылда Қазақстанда жергілікті журналистер мен редакцияларға әртүрлі шабуыл жасалды. Қаңтарда алматылық журналист Динара Егеубаева белгісіз біреулер автокөлік салонына кірпіш лақтырып, машинаны өртеп жібергенін хабарлады. Егеубаева мұндай әрекетті қастандық деп сипаттады. Екі күннен соң Алматы полициясы кәмелет жасқа толмаған бес күдіктіні ұстағанын хабарлады. 15, 16 және 17 жастағы күдіктілер El Media редакциясының есігін де бұзған.

Осы оқиғадан бірнеше күннен соң Ulysmedia.kz жаңалықтар сайтының бас редакторы Самал Ибраева белгісіз біреулер сайтты бұзып, оған өзінің және отбасы мүшелерінің жеке мәліметтерін жариялағанын хабарлады. Ибраева мұндай әрекетті жеке өміріне килігу деп бағалаған.

Көп уақыт өтпей алматылық журналист Вадим Борейко пәтер есігінің сыртқы жағына желімдеуге арналған көбік жағып кеткенін хабарлады.

Ақпан айында Динара Егеубаева белгісіз біреулер ұлына тапаншамен шабуылдады деп мәлімдеді. 20 ақпанға қараған түні Алматыда Борейкомен жұмыс істейтін видеооператор Роман Егоровтың екі автокөлігін өртеп кетті. Егоров заңсыз әрекетті кәсіби қызметімен байланыстырып отыр.

Қазақстандық журналистерге жасалған бірнеше шабуылдан соң Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists) Қазақстан билігінен кінәлілерді тауып, жауапқа тартуды талап еткен.

Халықаралық ұйымдар Қазақстанды сөз еркіндігі шектелген мемлекеттер санатына жатқызады. Республика «Шекарасыз тілшілер» ұйымының баспасөз еркінді индексінде 180 ел ішінде 122-орында тұр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM