Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына Қазақстан арқылы шыққысы келеді

KAZAKBOL.COM

Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпанда Федерация жиналысындағы жолдауында Украинаға ашқан соғысын ақтауға тырысып, Батысты тағы да жамандады. Оның бір сағаттан аса уақытқа созылған жолдауының көбі сол АҚШ, Еуропа елдері мен НАТО-ны айыптауға кетті.

Путин Украинадағы соғыстың бір жылдығы қарсаңында жасаған жолдауында Киевті дәлелсіз айыптайтын ескі сөздерін тағы да қайталап, соғыстың «алдын алуға тырыстық, бірақ АҚШ пен Батыс біздің артымыздан мүлде бөлек сценарий дайындады», «соғысты солар ашты, біз сол соғысты тоқтату үшін күш қолданып жатырмыз» деп Вашингтон мен Батыс елдеріне шүйлікті.

Ол «Батыс елдері Украинадағы соғысты қолдауға 150 млрд доллар, ал кедей елдерді қолдауға бар болғаны 60 млрд доллар жұмсады» дейді. Бірақ ол бұл сөзіне дәлел келтірген жоқ.

2022 жылғы 24 ақпанда Путин Украинаға соғыс ашқан еді, сарапшылар мен Батыс елдері Ресейдің Украинаға басқыншылығы бір аптаға жалғасады деп ойлағанын, бірақ Путин қателескенін айтады.

Ресей президенті жолдауында Украина билігін «неонацистер» деп еш дәлелсіз айыптап, «Киев Батыстан ядролық қару алғысы келді», «фашистік Германияның символикасын қолданды» деп кінәлай сөйледі. Ал Батыс «бұған көз жұма қарады» деп салды.

«Біз Украина халқымен соғысып жатқан жоқпыз, олар – елдегі режим мен Батыстағы қожайындардың тұтқыны» дейді Путин.

Путин «Украина халқымен соғысып жатқан жоқпыз» деп бұған дейін де бірнеше рет айтқан. Бірақ БҰҰ дерегінше, Украинада соғыс басталғалы 8 мың бейбіт тұрғын қаза тапқан. Ал Украина билігі Ресей Мариупольді қоршауға алғанда, бұл қаланың өзінде 20 мың бейбіт тұрғын қаза болды дейді. Украинада бейбіт тұрғындардың біраз бөлігі Ресейдің ракета шабуылдарынан да опат болған. Кремль кейінгі уақытта Украинаның инфрақұрылымына ракетамен жиі шабуылдап, Украинадағы ірі қалаларда жылу мен жарық шектеп беріліп жатыр.

Ресей Украинаға соғыс бастаған соң, Батыс елдері ресейлік олигархтар мен ірі компанияларға санкция салып, Батыс банктеріндегі есепшоттарын бұғаттап, мүлкін тәркілеген еді. Путин бұл жолғы жолдауында 24 ақпаннан кейін Батыс ресейлік бизнесмендерді «тонап кетті» деп, байлығынан айырылған олигархтарға «қазір соттасудың қажеті жоқ, Ресейге ақша құйып, мектептер мен университеттерге көмектесіңіздер» деген кеңес берді.

«Ресейлік бизнесмендерде таңдау бар – бұғатталған есепшотпен Батыста өмір сүру немесе өз елімен бірге болып, экономиканы дамыту» деді ол.

Ресей президенті жолдауында Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына Қазақстан арқылы шығу ниетін де айтып қалды.

«Жаңа геосаяси жағдайға байланысты логистиканы басқаша дамытамыз. Мәскеу – Қазан автомагистралін Екатеринбургке, Челябинскіге, Түменге дейін ұзарту, одан әрі Иркутск пен Владивостокқа жеткізіп, Қазақстанға, одан әрі Моңғолия мен Қытайға шығуды ойластырамыз» деді ол.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM