Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматы облысында 2,5 мың оқушы карантинге жіберілді

KAZAKBOL.COM

Алматы облысында 120 мектепте коронавирус анықталып, 2,5 мың оқушы карантинге жіберілді. Бұл туралы облыс билігіне сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

«Егер бір бала ауырса, онда тұтас сынып екі апталық карантинге жіберіледі деген алгоритм бекітілген. Екі аптадан соң олар қайта мектепке оралып, қалыпты жағдайда оқи береді» деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов дүйсенбі күнгі брифинг кезінде.

Жаңа оқу жылы басталғалы бері облыста 422 оқушы, 47 мұғалім коронавирусқа шалдыққан.

Өткен аптада Алматы қаласында жаңа оқу жылы басталғалы бері 89 оқушының Covid-ке шалдыққаны хабарланған еді. 8 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша, республика бойынша 426 оқушыдан вирус анықталған.

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда оқушылардың басым бөлігі офлайн оқуға оралған.

Бұған дейін билік қазан айында 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге батыс компаниялары әзірлеген коронавирусқа қарсы Pfizer екпесі салына бастайтынын айтқан. Денсаулық сақтау министрлігі «вакцинаны ешкімге мәжбүрлемейміз, екпе ата-аналардың рұқсатымен егіледі» деп мәлімдеген.

Алматы облысында қазір күніне 300 төңірегінде науқас тіркеліп жүр. Індет басталы бері мұнда 47 мыңнан астам адам коронавируспен ауырған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM