Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте бір ауданның тұрғын үйлеріне ұрлыққа түскен азамат үш жылға сотталды

KAZAKBOL.COM

32 жастағы азамат бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында үш тұрғын үйге заңсыз кіріп, жасырын түрде тұрмыстық заттары мен алтын бұйымдарын ұрлаған. Үй иелеріне жалпы құны 914 000 теңге сомасында шығын келтірген.

Аталған жайт бойынша үй иелері Қаратау ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы арызданған.

Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында куәлерден жауап алынып, үйлерге жақын маңдағы бейнебақылау камералары мұқият қаралды.

Ұрлыққа қатысы бар азамат қала аумағынан ұсталды. Ол өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, материалдық жағдайын көтеру үшін ұрлық жасауды жоспарлап, осындай қадамға барғанын айтты. Сондай-ақ, ұрлаған заттарын арзан бағада сатып, ақшаны жеке бас пайдасына жаратқаны белгілі болды.

Күдікті тәртіп сақшыларын өз еркімен оқиға орын алған жерлерге ертіп барып, қылмыстық іс-әрекеттерін қалай жүзеге асырғанын және оқиғаның қалай басталып, өрбігенін баяндап берді.

Азамат ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 2,3-тармақтарында (Ұрлық) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот үкімімен 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға мүмкіндігінше жеке үй-жайлардың терезелеріне темір тор, есіктерге сенімді құлып орнатып, бейнебақылау камераларымен жабдықтауды сұрайды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM