Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда атыс болып, бес адам қаза тапты. Екеуі — полиция қызметкері

KAZAKBOL.COM

Алматының «Ақбұлақ» мөлтекауданында атыс болып, бес адам қаза тапты. Бұл жөнінде қаланың полиция департаменті хабарлады.

Полиция департаментінің мәліметі бойынша, сағат 17-де Алатау ауданы, «Ақбұлақ» мөлтекауданында 1967 жылы туған Д. есімді азамат үйден шығару туралы сот шешімін орындатуға келген сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторлары мен төтенше жағдай департаменті қызметкерлеріне оқ атқан.

Оқиға кезінде бес адам қаза тапты, олардың екеуі – қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлері: полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев. Бұған қоса сот орындаушы М.Әбенов пен екі адам оққа ұшқан.

«Күдіктінің қаруы тартып алынып, қамалды. Жағдай бақылауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр» делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM