Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда бір әйел үш баласын тоғызыншы қабаттан лақтырып, соңынан өзі секірген

KAZAKBOL.COM

Алматыда 22 қарашада бір әйел үйдің тоғызыншы қабатынан үш баласын лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Төртеуі де қаза болды.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Жетісу ықшам ауданында болған. Терезеден 28 жастағы әйел мен оның алты, бес және екі жастағы үш баласы көз жұмған.

«Әйел мен екі сәби сол жерде қаза болды, тағы бір сәби жедел жәрдем көлігінде шетінеген» дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көршілердің сөзінше, әйелдің күйеуі бар, бірақ оқиға кезінде үйде болмаған. Отбасы тоғызыншы қабаттағы пәтерді жалдап тұрып жатқан. Полиция да пәтердің жалдамалы екенін растады.

— Осы үйдегі еден жуушы «не істеп жатырсың? Қазір полиция шақырам» деп айқайлады. Еден жуушы ол әйел тоғызыншы қабаттан қоқыс лақтырып жатыр деп ойласа керек. Алайда әйел балаларын лақтырыпты. Артынан өзі де секіріп кетті. Інім тек дүрс еткен дыбысты ғана естіді, — деді көршісі Азаттыққа.

Тағы бір көршісі «қызым әйелдің жерде жатқанын, полиция мен адамдар жүргенін көріпті. Ол кезде мен ауруханада едім» деді.

Құзырлы орган таратқан мәліметке қарағанда, әйелдің суицид жасауына отбасындағы жанжал себеп болуы мүмкін. Биіктен секірер алдында әйел хат қалдырып, онда «өмірден шаршағаны, сынаққа төзе алмағандары» жайлы жазған.

Полиция оқиғадан соң «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, оқиға себебі мен жай-жапсарын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылғанын хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, Қазақстан суицид деңгейі жоғары бес елдің қатарына кіреді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM