Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда ер адам биік ғимараттан құлап, мерт болды

KAZAKBOL.COM

5 қарашада таңертеңгі сағат 10.40 шамасында Алматыда көп қабатты «Нұрлы Тау» бизнес-орталығының ғимаратынан бір ер адам құлап, мерт болды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Қазір оқиға орнында полиция, дәрігерлер, мамандар жұмыс істеп жатыр. Толық ақпаратты Алматы полициясы таратады» деді департаменттің баспасөз хатшысы Гүлдана Маратқызы. Төтенше жағдай департаментіне ер адам құлағаннан кейін ақпарат түскен.

Алматы қаласының Бостандық аудандық полиция департаменті түс кезінде қысқа хабарлама таратты.

«Өлген адамның аты-жөні анықталды. Бұл — 1971 жылғы азамат. Әзірге толық емес ақпарат бойынша, ер адам бизнес-орталықтың 12-қабатындағы подъездің терезесінен секірген» делінген хабарламада. Полицияның айтуынша, ер адамның биік ғимараттан не үшін секіргені және өзге жайттар тергеу кезінде анықталады.

Әлеуметтік желіде тараған суреттерде оқиға орнында жедел жәрдем көлігі, полицейлердің жүргені, белуарына дейін медициналық материалмен жабылған мәйіттің жерде жатқаны көрінеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM