Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда митингіге жиналғандар сайлауды заңсыз деп тануды талап етті

KAZAKBOL.COM

9 сәуірде Алматыда болған митингіде мәжіліс және мәслихатқа өтпей қалған кандидаттар мен өзге де белсенділер, тұрғындар сайлау нәтижесінің бұрмаланғанын айтып, оны заңсыз деп тануды талап етті.

Республика алаңындағы «Халық парламентінің» митингісіне ондаған адам жиналды. Шамамен екі сағатқа созылған рұқсат етілмеген митинг соңында қарар қабылданып, оған бес талап енгізілді. Атап айтқанда:

— 19 наурызда өткен сайлауды заңсыз деп тану;

— «заңсыздық көп болған» сайлаудың нәтижесінде жасақталған парламент пен ол бекіткен үкіметке сенімсіздік білдіру,

— Алматыда Республика алаңын бейбіт жиын орны ретінде белгілеу;

— Саяси тұтқындарды босату;

— Президент Тоқаевтан кез келген сепаратизмнің түріне тыйым салуды талап ету.

Митинг барысында сайлаудағы заңсыздық, биліктің саяси реформалар туралы уәдесін орындамай отырғаны, белсенділерді қудалау, сепаратизммен күрес, қымбатшылық, мемлекет байлығының ұрлануы және өзге мәселелер айтылды. Белсенділер сайлау, саяси партиялар мен бейбіт жиын туралы заңдарды Конституцияға сәйкестендіру қажеттігін айтып, жаңа депутаттар алғашқы қадамын содан бастасын деді.

Бір күн бұрын бас прокуратура азаматтарды 9 сәуір күнгі «заңсыз митингіге» бармауға шақырған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM