Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда митингке шыққандардың сегізі 20 тәулікке дейін қамауға алынды

KAZAKBOL.COM

Алматының әкімшілік соты 24 сәуірде саяси тұтқындарды босатуды талап еткен митингке шыққандардың 11-ін жауапкершілікке тартты.

Олардың сегізі әкімшілік қамауға алынса, үшеуіне айыппұл салынды. Бұл жөнінде Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтық белсенділер Әйгерім Тілеужан, Алина Берменкұл, Бауыржан Отынбаев, Бекен Бейсалиев, Конай Абдиев және Досжан Қуаныш 20 тәулікке қамалса, Равкат Мұхтаров пен Майра Габдулина 15 тәулікке жабылған.

Қаңтар оқиғасына байланысты күдікті ретінде тергеу абақтысында отырған Дархан Уәлиевтің әйелі Бұлбұл Бердіқожановаға 91 890 теңге (200 доллар шамасы) көлемінде айыппұл салынған.

Сот шешіміне сәйкес, Бердіқожанова, Шырынбекова, Асанбай Хожиев пен Мұхтар Габдуллин заңсыз митингті ұйымдастырды деп танылған.

Азаматтық белсенді Сәния Тұңғатарова Азаттық радиосына сот шешіміне келіспейтінін, бәрі қайта шағымданатынын мәлімдеді.

24 сәуірде күндіз ондаған белсенді Ғылым академиясының алдына жиналып, «саяси тұтқындарды», Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандарды босатуды талап еткен. Арасында белсенді Әйгерім Тілеужан да бар. Ол осыған дейін әкімдікке митинг жөнінде ескерту бергенін айтып, бірақ жазбаша жауап келмегенін хабарлаған. Сенбі күнгі митинг кезінде ол билік «саяси тұтқындарды босатпайынша» апта сайын наразылық өткізе беретінін айтты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM