Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматы облысында баласы мен келіні мүгедек жанұя далада қаңғып қалды (фото)

KAZAKBOL.COM

Кадр КТК арнасы

Алматы облысының Дегерес ауылында бүтін бір отбасы қыс келгенде далада қалды. Баласы мен келіні мүгедек, ал анасы зейнет жасындағы жанұя жылдар бойы жиған-тергенінен айырылып, үстіндегі бір қабат киімімен ғана қалған деп хабарлайды КТК арнасы.

Тілсіз жау мүгедек жандардың жалғыз баспанасын түгел шарпып, жер үйдің тек тас қабырғасы ғана қалған. Анасы зейнеткер, баласы мен келіні бірінші және екінші топтағы мүгедек. Бұлар күлге айналған үйге күнде келеді. Себебі, сау қалды-ау деген дүниені жинайтын өзге адам жоқ.

Оқыс оқиға бірінші қарашада болыпты. Түн ортасында қылаң берген от әп-сәтте төрт бөлмелі баспананың шаңырағын ортасына түсірген. Бұған жақында ғана ауыстырылған пеш себеп болса керек. Қайта сол күні, ішке ыс тарай берген соң үйдегі үшеуі де көршінің үйіне түнеуге кетіп аман қалған.

«Келсек өрт сөндірушілер өшіріп қойыпты. Анамның барлық құжаты жанып кетті. Үстімізде бір-бір киім ғана қалды», — дейді Дегерес ауылының тұрғыны Ербол Қожабаев.

Қазір баспанасыз қалған жандар көршінің үйін жалға алып, көктемге дейін тұруға келісіпті. Ал азын-аулақ азық-түлік пен отынды ауылдастары берген.

«Әкімшілік бюджет бітіп қалды, көктемде көмектесеміз деп айтты. Ауылдың адамдары киім-кешек әкеп беріп жатыр. 23 күн болды тұрғанымызға. Келіп от жаққаннан кейін төбесі түсіп, көтеріліп жатыр. Бұдан да қорқып отырмыз, құлап қала ма деп», — дейді Дегерес ауылының тұрғыны Гүлшетай Қожабаева.

Ал өрт болған күні уәдені үйіп-төгіп, енді 3 апта бойы үнсіз отырған атқамінерлер аудандағы басшылыққа сілтейді. Яғни, Жамбыл аудандық әкімдігінде өтетін маслихат жиналысынан соң мәселе біржақты болуы керек.

Кадр КТК арнасы

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне құжаттары өткізілді. Алдағы уақытта ол кісілер де қарастырып жатыр, қандай да бір көмек болса көмектеседі. Көше-көше болып әркім қолынан келгенше көмектерін беріп жатыр. Оны бір жерге жинастырып жатырмыз. Жылдың аяғы болып жатыр. Қаражат, бәрі енді, соған байланысты шығар», — дейді Дегерес ауылдық аймағы әкімдігінің бас маманы Ақбота Иманбекова.

Кадр КТК арнасы

Шенеуніктердің сөзінен ұққанымыз, әзір көмек көрсететін қаржы жоқ екен. Сондықтан, әкім-қараларда күдер үзген жарымжандар, қайырымды азаматтардың көмегімен қара шаңырағын қайта тұрғызуды армандайды.

Көмектесем деушілер келесі нөмірге хабарласа алады:

Ербол, Дегерес ауылы — 87058714578 немесе келесі киви-әмиянға қаражат жолдауға болады: 87052488787

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM