Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматы облысында үш ағайындыны атып өлтірмес бұрын әбден азаптаған

KAZAKBOL.COM

Мал сатушылар. Фото: «Егемен Қазақстан»

Алматы облысында мал үшін үш ағайындыны атып өлтіргендер сот алдында жауап бере бастады деп хабарлайды КТК арнасы.

Айыпталушы орындығында – үш адам. Екеуі қанды қылмысты жасағандар, ал үшіншісі — мүмкіндігі бола тұра қылмыс туралы мәлімдемеген малшы. Соттың алдын ала тыңдалымында, қос тараптың туыстары сөзге келіп, шекісіп қалды.

Соттың табалдырығында бір-біріне теріс қараған қос тарап. Бірінің –қарауға беті жоқ, ал бірі ашу-ызасын әрең ұстаған. Тар дәлізде әрі қарай бірге тұруға дәті шыдамаса керек, күдіктілердің туыстары ақыры сыртқа қашып шықты.

Туыстары ұяттан өртенгенімен, күдіктілер еркін отыр. Тіпті тағылған айыптармен келіспейтінін де судьяға кесіп айтты. Бастапқыда кінәсін мойындағандай болған күдіктілер осылайша сотта тайқып шыға келді. Біреуі де өзін кінәлімін деп отырған жоқ.

Талғат Сүлейменов қарақшылық фактісін де мүлде жоққа шығарды. Ұзынағаш базарынан үш ағайындыны 40 бас сиырымен ауылға алдап апарып, артынша айуандықпен өлтірді деп айыпталған осы Сүлейменов пен Мұрат Оңалбаев.

Ал үшіншісі — марқұмдардың қалай өлтірілгенін көрген, бірақ оқиға туралы мәлімдемеген малшы. Жауапкершілігін әлі сезінбесе керек, қолхатпен үйінен келіп жүрген ол бүгінгі сотқа да арақ ішіп келіпті. Жеті күн үндемей жатқан Байқасымовты сол сыбайластары ұстап бергенін айта кетейік.

Бүгінгі тыңдалымында осы қанды қылмысқа қатысы бар делінген тағы екі адамның аты аталды. Олар — күдікті Талғат Сүлейменовтың әкесі мен інісі.

«Қаруды Сүлейменов Жанай беріп отыр. Қылмысты Сүлейменов Талғат жасап отыр. Малды Сүлейменов Данияр алып отыр. Фамилиясы да үшеуінің Сүлейменов. Талғат Сүлейменов, Жанай, Данияр Сүлейменов», — дейді марқұмдардың туысы Еркін Бейсеке.

Әкелі-балалы қанды оқиға түні ауылда күтіп, ұрлық малды түсіріп алып қалған екен. Бірақ солай бола тұра іске тек куәгер ретінде тартылуына жәбірленуші тарап келіспей отыр.

Атышулы қылмыстық істе топпен адам өлтіру, қарақшылық және заңсыз қару алып жүру сынды ауыр баптармен айыптар тағылған. Бірақ та марқұмдардың туыстары әлі де «мәйітті қорлау» деген тағы бір ауыр баптың қосылуын талап етіп отыр.

Өйткені, сот сараптамасы көрсеткендей қандықол қарақшылар марқұмдарды атып өлтірмес бұрын оларды әбден азаптаған екен.

Яғни, Жарқынбек, Қаділбек, Мұқият есімді үш ағайындының жауырыны мен жағын ұрып сындырған екен. Артынша мылтықпен басынан, жүректен атқан. Негізгі сот отырысы төрт күннен кейін басталмақ, қанды оқиғаның бүге-шүгесі сонда айтылады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM