Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыда төрт жастағы баланы қағып, бұта арасына тастап кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр (видео)

KAZAKBOL.COM

Алматы қаласының тұрғындары төрт жастағы баланы қағып, оны матаға орап бұта арасына тастап кеткен жүргізушіні полициямен бірге іздестіріп жатыр. Басы жарылып, аурудан ыңырсыған баланы көшеде өтіп бара жатқан әйел тауып алған.

Туыстарын табу мақсатында ол баланы видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Бұл оқиға аз уақыттың ішінде Интернет арқылы бүкіл Қазақстанға тарады.

Оқиға қаланың Шығыс айналма жолында болған. Зардап шеккен баланың ата-анасын әлеуметтік желі арқылы тапты. «Мен жұмысқа кеткенде балалар аулада ойнап жүрген. Мен оларға үйге кіріңдер деп айтып кеткем. Анасы да соны айтқан. Жұмыста маған осы роликті көрсетті, мен есімнен танып қалдым. Қазір де әрең сөйлеп тұрмын», — деді баланың әкесі Мұрат Асқарұлы.

Қазір бала ауруханалардың бірінде операциядан соң комада жатыр. «Ауруханаға түскен уақытта баланың жағдайы аса ауыр делінді. Басынан жарақаттанған, денесінде сырылған іздер көп, сол жақ төбе сүйегінде жарақат бар. Қазір бала қолдан тыныс алу аппарытан қосылған. Ол комада жатыр», — деді Балаларға жедел медициналық көмек орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхамед Рузуддинов.

Баланы қаққан жүргізуші оған алғашқы медициналық көмек көрсетпеген, жедел жәрдем шақырмаған. Ол баланы матамен орап, ыңырсыған баланы бұта арасына тастап кеткен. Оны жеке секторда тұратын әйел тауып алды. Ол баланың жылаған даусын естіп, сол жерге барған. Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушыларының ызасын туғызды. Олар қылмыскердің жазалануын тілейді.

Алматы полициясы күдіктіні әлі тапқан жоқ, осы оқиғаны көрген қазақстандықтардан көмек сұрап отыр. «Жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімі 16 шілдеде болған жол апаты куәгерлерін көмектесуге шақырады. Алматыда қандайда бір жол апаты туралы естігендер тез арада полицияға хабарласын», — деді Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Азирбек.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM