Азиз Уаитов пен Тілегүл Қуаныш. Фото: NUR.KZ.
«Тілеугүл Аграрлық университеттің биотехнология факультетінің бірінші курсын ақылы тәмәмдаған еді. Осы қаржы мәселесі жанына батып, қыс бойы дайындалып оқуға қайта тапсырған болатын. Кеше оқу гранттарын қарап отырып, қызымыздың 1309-шы болып Еуразия университетінің биотехнология факультетіне грантқа түскенін көріп анасы егіліп жылады», — деді марқұмның туысы Жұлдыз Бұзауқызы.
Тілеугүлдің туыстары адвокат жалдап, қылмыскердің әділ жазасын беру үшін күресіп жатқандарын айтты.
Бойжеткен терезеден секіріп кеткен кезде оның өліміне себепкер жігіт жанында болған екен. Тергеушілерге берген жауабында:«ұйықтап жатқанмын, қыздың терезеден секіргенін білген жоқпын. Таңертең есікті көршілер мен полиция қызметкерлері қағып келді. Тілеугүлдің қайтыс болғанын солардан естідім», — деген Азиз Уаитов.
Сондай-ақ күдіктінің анасы Тілеугүлдің үйіне екі рет барып кешірім сұраған.
«Тілеугүлді жерлеу кезінде және жетісін таратқанда Азиздың анасы келіп, кешірім сұрады. Қазір біз туралы (Тілеугүлдің туыстары) небір қауесет жүріп жатыр «қызының өлімін сылтау етіп миллондаған ақша сұрапты» деп. Бізге олардан көк тиын ақша қажет емес, қылмыскер әділ жазасын алсын. Қызымыз қыршыннан қиылды, ал ол болса тайраңдап бостандықта жүр. Үйіне іздеп барып, оқиғаны өз аузынан естиік десек, қашып жүр, таба алмадық.
Кешірім де сұрамады. Заңгерлер күдіктіге жоламаңдар «қысым көрсетіп жатыр «деп арыздануы мүмкін деген соң, сараптама нәтижесін күтіп жүрміз. Тілеугүлдің ата-анасы әділдікке жету үшін соңына дейін барады», — дейді марқұмның әпкесі.
KAZAKBOL.COM