Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Америкалық мұсылмандар сақтандыру құжаты жоқ адамдарға ақысыз клиника ашты

KAZAKBOL.COM

Фото: Ihsan.kz

About Islam порталының хабарлауынша, Нью-Джерсиде бір мұсылман дәрігері сақтандыру құжаты жоқ америкалықтарға көмек көрсететін клиника ашып, ислам ілімін таратуда деп жазады Ihsan.kz.

«Бүгіннің өзінде 15 емделушіні қабылдадық», — деді доктор Джубрил Ойейми клиниканың ашылу рәсімінен кейін.

«Қоғамға қызмет ету Исламда аса маңызды дүние болып табылады. Бұрын денсаулық жәрмеңкесін ұйымдастыратынбыз, бірақ көп адамға одан да үлкен қызмет көрсету мүмкіндігі бар, одан да маңызды жұмыс жасау көкейімізде жүретін еді. Осылайша, пайда болған біздің клиника — сол ойымызды іске асырудың бір жолы болды».

«Черри-Хилл» клиникасы Қайырымдылық орталығының бір бөлігі болып табылады.

Клиника әр айдың бірінші сенбісінде таңғы сағат 9-дан күндізгі 1-ге дейін жұмыс жасайтын болады.

Медициналық сақтандыру құжаты жоқ америкалықтар үшін денсаулық сақтау үлкен мәселеге айналып кетуі ықтимал. Бұл ретте Ойеймидің айтуынша, Камден графствосындағы адамдардың 18 пайызында медициналық сақтандыру құжаттары жоқ екен.

Көпшілікке көмектесе отырып, мешіт 10 000 доллар жинаған, бірақ жалпы көлемі 15 000 шаршы фут жерді алатын мешіттің 4 000 шаршы фут жеріне ғана клиника жабдығы орналасқан екен.

Мұсылмандардың айтуынша, олардың көздеген мұраты — медициналық сақтандыру құжаттары жоқ адамдарға көмектесу, сонымен қатар, өздерінің игі амалдары арқылы Ислам дініне шақыру.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM