Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қанат Ислам бар шаруасын ысырып қойып, қазақ боксшыларына көмектесіп жатыр

KAZAKBOL.COM
Қанат Ислам. Фото: inform.kz

Кәсіби боксшы Қанат Ислам бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Олимпиадаға дайындалуына көмектесіп жатыр. Қанат жігіттерге көмектесу үшін АҚШ-та спортшылар алып келген.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Енді санаулы күнде Рио олимпиадасының алауы тұтанады. Ол жерде бір спортшының емес, бүкіл қазақ елінің намысы сынға түседі. Сондықтан, Риоға баратын бауырларыма кішкене болса да көмегім болсын деп спарринг ретінде АҚШ-тан боксшылар шақырттым», — деп бастады әңгімесін Қанат Ислам.

— Бұл боксшылардың елге келуіне сіз жетекшілік еттіңіз бе? Қанша боксшы келді?

— Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, 7 боксшы келді. Бұл жеке менің ғана еңбегім емес. Бокс федерациясының басында отырған ағалардың еңбегі. Ол кісілер маған «АҚШ-тан өзің жаттығып жүрген жерден кәсіпқой боксшылар табыла ма? Жол шығынын біз көтерейік, сен біздің боксшыларға спарринг қарсылас болатын боксшылар болса қарастырып көрші» деп сұрады. Мен келісіп, осы боксшыларды табуға жол жасадым.

— Бұл боксшылардың біздің спортшылардан қандай артықшылқтары бар?

— Ешқандай артықшылығы жоқ. Бұлар кәсіпқой рингте жүрген боксшылар. Айырмашылығы сол ғана. Біздің негізгі мақсатымыз — Олимпиада ойындары Оңтүстік Америкада өткелі отырғандықтан сол жақтағы боксшылардың бокстасу стилін көрсету. Әр түрлі боксшылармен жұдырықтастырып, өз боксшыларымыздың шеберлігін шыңдай түсу.

— Бұл боксшылардың арасында титулдық белдікке ие боксшылар да бар шығар?

— Әрине, бар. Барлығы да бокс әлемінде өзіндік орны бар боксшылар. Құрлықтың арғы бетінен арнайы шақырған соң нашар боксшыларды алдырмайтынымыз анық.

— Өзіңіздің кезекті жекпе-жегіңіз туралы айта кетсеңіз?

— Жоғарыда айтып өткенімдей, барлық жеке шаруаларымды ысырып тастап, осы Риода өнер көрсететін боксшы бауырларыма көмектесіп жатырмын. Бұл Олимпиадада қазақ намысы сынға түседі. Сондықтан, тамшыдай болса да, өз көмегімді жасап, тәжірибеммен бөлісіп жатырмын. Ал, өз жекпе-жегім туралы жақында білетін боласыздар. Қазір келіссөздер жүріп жатыр.

— Енді әңгімеңіздің соңын боксшы бауырларыңызға деген жақсы бір тілекпен аяқтасаңыз?

— Осында ел намысы үшін жаттығудан бас алмай, тер төгіп жатқан барлық жігіттерге тек сәттілік жолдас болып, осы маңдай терлерінің өтеуіне жеңіс тұғырынан қол бұлғап қайтсын дегім келеді. Жолдары болсын. Қазақ елінің туын биіктен желбіретсін…

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM