Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Anti-Fraud»: Шымкентте іс-шараның екі күнінде интернет-алаяқтықтың 19 жайты тіркелді

KAZAKBOL.COM

Шымкент ҚПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 7-ақпанынан бастап, «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды өтіп жатыр.

Мақсаты — интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқықбұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу.

Сондай-ақ, зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, интернет-алаяқтықты, порнографияны оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын, суицидалды бағыттағы ойындарды, интернет желісіндегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтау болып табылады.

Осы ретте, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 2 тәулігінде 19 дерек тіркелді.

Атап айтқанда:

— ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша (Интернет қолданушыларға қатысты орын алған алаяқтық ) – 3 дерек.

— ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша (Бұрын орын алған интернет қолданушыларға қатысты алаяқтық) — 16 дерегі ашылды.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына интернет алаяқтықтың құрбаны болмас үшін, әрдайым сақ болуға және өзіңіздің жеке дара мәліметтеріңізбен бейтаныс азаматтармен бөліспеуге кеңес береді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM