Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«АРМИЯ-2021»: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОРҒАНЫС КӘСІПОРЫНДАРЫ РЕСЕЙДЕГІ ЕҢ ІРІ ӘСКЕРИ КӨРМЕДЕ НЕ КӨРСЕТТІ


Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жетекші кәсіпорындары Ресейдегі ең ірі халықаралық көрме іс-шарасына қатысып, қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы әзірлемелерді ұсынды.

 

Павильонның стендтерінде «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының құрамына кіретін бірқатар қазақстандық компаниялардың қару-жарақ пен әскери техникасының үлгілері қойылған : «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ , «Семей инжиниринг» АҚ, «811 автожөндеу зауыты» АҚ, «Steel Manufacturing» ЖШС, «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС, сондай-ақ «№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ, «KAZ ARMS» ЖШС, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ және «Қайнар-АКБ» ЖШС сияқты жеке кәсіпорындар.

 

Қазақстандық қорғаныс өндірісін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаев бастаған делегация таныстырды. Делегация құрамына «Қазақстан инжиниринг» ҰК Басқарма төрағасы Мұхтар Керейбаев және қорғаныс кәсіпорындарының басшылары кірді.

 

«Армия-2021» форумында қазақстандық кәсіпорындар өз өндірісінің бірқатар өнімдерін, сондай-ақ қос мақсаттағы өнімдердің кең тізбесін таныстырды. Мәселен, Петропавлдық «С.М. Киров атындағы зауыт» байланыс кешені машиналарының макеттерін, қорғалған ноутбуктер мен планшеттерді ұсынды; «Семей инжиниринг» және «811 автожөндеу зауыты — КИ»АҚ бронетехниканы күрделі жөндеу және жаңғырту бойынша кең мүмкіндіктерді көрсетті. «Қазақстан инжиниринг» компаниясының тағы бір еншілес компаниясы – «Тыныс» АҚ зауыты – авиациялық жинақтаушы бұйымдардың заттай үлгілерін, күш құрылымдары үшін жеке қорғаныс құралдарын көрсетті, сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет кең жұртшылыққа АК-12 және АК-15 автоматтарының оқшауландырылған өндірісі ұсынылды.

 

Сонымен қатар, көрмеде «Steel Мanufacturing» ЖШС жаңа патрон зауытының қызметтері мен қуаттылығы ұсынылды, ал «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС қазақстан-түрік кәсіпорны түнде көрудің жоғары технологиялық аспаптарын, оптикалық техника мен радиобайланыс құралдарымен таныстырды.

 

«Армия-2021» көрмесінің ашылу күнінде қазақстандық павильонға министр Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев бастаған ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері келіп, зауыттардың өнімдерін бағалап, өндірісте сәттілік тіледі.

 

Қазақстан павильонының құрметті қонақтары Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Юрий Иванович Борисов және Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Валентинович Мантуров болды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «АРМИЯ-2020» форумына 1200-ден астам өнеркәсіп кәсіпорындары қатысып, 26 000-нан астам экспонат ұсынды. Өткен жылы форумға 70-тен астам ел қатысты. Форум жұмысының қорытындысы бойынша «Қазақстан инжиниринг» кәсіпорындары қос мақсаттағы өнімдерді импорттау мен экспорттау, оны құрастыру, сондай-ақ күрделі жөндеу және жалпы сомасы 6 млрд.теңгеден асатын бұйымдарға қызмет көрсету бойынша бірқатар келісімшарттарға, келісімдерге, шарттарға қол қойды.

 

«Армия-2021» халықаралық әскери-техникалық форумы ғылыми-техникалық қару-жарақтың үздік жетістіктерін көрсетуге арналған бірегей базалық платформа болып табылады. Көрменің негізгі профильдері: құрлық, әскери-теңіз және әскери-әуе күштеріне арналған қару-жарақ және әскери техника.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ баспасөз-қызметі  

Баспасөз-хатшысы Қажағұлова Ботагөз

Тел.: 695599 вн. 1192

+7 702 714 6819

press@ke.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM