Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АРУЖАН САИН: БАЛАЛАР ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КӨРІП ЖАТЫР

KAZAKBOL.COM

«Сіздер жылы креслоларыңызда отырғанда, балалар зорлық-зомбылық көріп жатыр». Әлеуметтік желідегіпарақшасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин осындай қатқыл мәлімдеме жасап, Мәжіліс депутаттарына шүйлікті. Оның сөзінше, халық қалаулылары балалардың құқығын қорғау мәселесінде батыл қадамдар жасамай отырған көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Депутатар назарына! Бүгін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Фэйсбуктегі парақшасында халық қалалаулыларына қаратып мәлімдеме жасады. Омбудсменнің пайымынша, заң шығарушы органның өкілдері балалар үйінде жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болған балалардың ісіне араласып, мәселені шешудің орнына, керісінше ат тондарын ала қашқандарын ашып жазыпты.

АРУЖАН САИН, ҚР БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:
«Депутаттар мен шенеуніктерге балаларды қорғау бойынша мәселені дәлелдеу өте қиын. Өзіңнің алтын уақытыңды жоғалтып аласын. Бұл мәселені айтып уақыт кетіріп жатқанша, балалар үйіндегі әрбір бүлдіршіннің тағдырын шешуге болатын еді. Алайда, біздің шенеуніктер оны тыңдағысы келмейді».

Аружан Саинның бір ғана посты қоғамда үлкен резонанс тудырды. Тіпті, қоғам белсенділері жауаптылардың мұндай түйіткілді мәселеге келгенде немқұрайлық танытатындарын растайды. Мәселені шешіп, заңды қатайтудың орнына керісінше жүреді, дейді Гүлбану Әбенова.

ГҮЛБАНУ ӘБЕНОВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
«Күнде қорқып отырасын тағы да осындай жаңалық болады ма деп. Қазақстанның түкпірінде әр естіген сайын уайымдайсын. Мемлекетте адамдар бар, солар ойластыру керек. Өйткені үндемеген сайын, күн сайын көбейіп бара жатыр».

Омбудсменнің жантүршігерлік постына негізгі екі себеп болған. Біріншісі Алматыдағы балалар үйінде тәрбиеленушілердің жүйелі түрде зорланып келгеніне қатысты іс, екіншісі Семейдегі балалар үйінде 23 жыл жұмыс істеген педофилге қорғаншылық жасағандарды жазалуға қатысты іс. Осы ретте депутаттардың көмегіне жүгінген уәкіл шененуіктер тарапынан қолдау таппаған. Есесіне, педофилдерді жақтаушылар табылыпты.

АРУЖАН САИН, ҚР БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:
«Балаларға қатысты зорлық-зомбылық болған аймақта мәселені шешудің орнына жергілікті шенеуніктер, мектеп әкімшілігі, білім департаменті қылмысты жасыруға тырысады. Тіпті, мұндай істің жүргізуліне кедергі келтіреді».

Айта кетейік, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршендерге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық саны азаяр емес. Бұған дейін де Тараз қаласында қызметкер ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетімдерге қысым көрсетіп, ұрып-соққан еді. Одан бөлек, Өскемендегі бүлдіршендерді бірнеше жыл қатарынан зорлап келген азғын жайлы да айтқан болатынбыз.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM