Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Асқар Ақаев «Құмтөр» бойынша қырғыз халқынан кешірім сұрап, артынан Мәскеуге ұшып кетті


«Құмтөр» ісі бойынша тергеу сұрақтарына жауап беруге келген Асқар Ақаев Мәскеуге жол тартты. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне оның көмекшісі Болат Жанұзақов хабарлады.

«Ақаев бүгін Бішкектен Мәскеуге ұшып кетті. Тергеу органдары қажет деп тапса, қайта келуі мүмкін» деді Жанұзақов «Интерфакс» агенттігіне.

Оның сөзінше, Ақаевтан «Құмтөр» кен орны бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында жауап алынған.

«Оған ешқандай айып тағылған жоқ» деді Жанұзақов.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке 2 тамыз күні келген. Бұл – 2005 жылғы төңкеріс кезінде елден қашқан Ақаевтың өз еліне 16 жылда алғаш рет келуі. Әуежайдан түскен бойда оны Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті тергеуге әкетіп, санаулы сағаттан соң босатқан.

Кетерінің алдында Ақаев қырғыз халқынан кешірім сұрап, «Құмтөр» кенін игерген канадалық компания мен өз үкіметінің жетегінде кетіп, Қырғызстанды аса қажет салық пен дивидентен айырғанын мойындады.

Экс-президент еліне оралмас бұрын ҰҚМК оның «Құмтөр» ісі бойынша жауапқа тартылатынын мәлімдеген. Мекеме оны 1992 жылы «Құмтөр» жобасы бойынша келісімшартқа қол қойғанда жемқорлыққа жол берді деп айыптаған.

«Құмтөр» – алтын өндіру бойынша Орталық Азиядағы ең ірі кен орны. Елдің солтүстігіндегі Ыстық-Көл облысында, Қытай шекарасынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Кен орнын Centerra Gold Inc. канадалық компаниясының «Кумтор Голд Компани» еншілес фирмасы игерген.

Centerra Gold Inc. компаниясының Солтүстік Америкада, Азияда және өзге жерлерде активтері бар. Ең ірі активтері «Құмтөр» мен Канададағы Mount Milligan кеніші саналады. Компанияның штаб-пәтері Торонтода орналасқан. Қырғызстан мемлекеттік «Қырғызалтын» компаниясы арқылы Centerra Gold Inc. акциясының 26 пайызына иелік етеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM