Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ашғабатта ұн тапшылығынан ондаған жекеменшік наубайхана жабылды

KAZAKBOL.COM

Азық-түлік дағдарысына ұшыраған Түркіменстан астанасында ондаған жекеменшік наубайхана жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Соның салдарынан жүздеген адам жұмыссыз қалды.

Бұл туралы Азатлык радиосының Ашғабаттағы тілшісі хабарлады.

Тілші мәліметіне қарағанда, бір апта бұрын астанада 30-дан астам жекеменшік наубайхана нан мен нан өнімдерін шығаруды тоқтатқан.

«Кәсіпорындардың кейбірінде орта есеппен он шақты адам жұмыс істеді. Наубайханалар жабылған уақытта жүздеген адам жұмыссыз қалды», дейді жұмысы тоқтаған наубайханалардың бірінді істеген жұмысшы.

Наубайқаналардың жабылуына мемлекеттік дүкендерде отандық ұнның болмауы себеп болған. Шетелден келетін ұн өте қымбат.

«Осы уақытқа дейін кәсіпкерлер ұнды мемлекеттік дүкендерден астыртын сатып алып жүрді. Енді кәсіпорындар арзан ұн ала алмайды. Ал шетелден келетін ұнның келісі 25 манат тұрады, нанды 10 манаттан сату оларға тиімсіз», — деді жекеменшік наубайханада істеген жұмысшы.

Түркімен билігі елдегі азық-түлік дағдарысын, ұн мен нан тапшылығын мойындамай отыр. Үкімет жиналыстарында жыл сайын елде 1 миллион 400 мың тонна астық жиналады деген жалған есептер жиі айтылады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM