Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астана Ұлттық қор активін бұғаттан шығаруды қарап жатыр

KAZAKBOL.COM

Қазақстан әділет министрі Марат Бекетаев Брюссельде Қазақстан Ұлттық қорының сот бұғаттаған 22 миллиард доллар активін бұғаттан шығару, я шығармау мәселесі қаралып жатқанын хабарлады.

«22 миллиард доллар тұтас бұғатта қалады дегенге күмәнім бар. Жеке өз басым барлық сома бұғаттан шығарылады деп үміттенем. Егер ішінара бұғаттан босатылғанның өзінде, ол ақша Статилердің есебіне аударылады деген сөз емес. Бұл — қаржы Бельгиядағы сот түпкілікті аяқталғанға дейін бұғатта болады деген сөз»,- деді Марат Бекетаев.

Оның сөзінше, әлемдік тәжірибеде ұлттық банктердің қаржысы бұғатталмайды.

Былтыр желтоқсанда New York Mellon банкі молдовалық бизнесмен Анатол Статидің Қазақстан үкіметіне қарсы арызы бойынша Қазақстан Ұлттық қорының 22 миллиард доллар қаржысы бұғатталғанын жария еткен.

Кейін Астана АҚШ банкінің Ұлттық қор активін бұғаттағанына наразылық білдіріп, Англия Жоғарғы сотына талап-арыз түсірген.

Қаңтар айында Қазақстан билігі Нидерланд соты Қазақстан Ұлттық банкінің «Ұлттық қордың New York Mellon банкіне кастодиалды сақтауға салынған активін бұғаттан босату туралы» талап-арызын қанағаттандырғанын хабарлаған.

Қазақстанның мұнай-газ саласына инвестиция салған Стати мемлекеттік органдар өзін «инвестициясын тым арзанға сатуға мәжбүрлеу үшін қыспаққа алғанын» айтады. Астана бұл айыптауды терістеп, Статиді «алаяқтық жасады» деп айыптайды. Әділет министрлігінің хабрламасында Қазақстанның бұған дейін Статиге қарсы арыз түсіргені айтылады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM