Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте сот журналисті ақтайтын шешім шығарды

KAZAKBOL.COM

Мамырдың 3-і күні Шымкенттегі Абай аудандық соты Ratel.kz порталының аймақтағы экс-тілшісі Динара Бекболаеваны ақтады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сот отырысына жеке айыптаушы азаматтық белсенді «Мемлекет Туы» жастар одағының» төрағасы Сүйін Абулда мен оның қорғаушысы келмеді. Айыпталушылар қарсылық білдірмеген соң, істі қарап жатқан судья Элеонора Бакирова сот тергеуін шағымданушысыз қарауды ұйғарды.

Сот тергеуі біткеннен кейін судья жарыссөзге көшті. Жарыссөзде Динара Бекболаева мен оның адвокаты Дәуренбек Момбаев шағымданушы сотқа келіп өз дәлелін келтіре алмағанын, сараптама қорытындысы мақалада жала жабатын сөз жоқ екенін растағанын айтып, журналисті ақтауды сұрады.

Кеңесу залынан шығып келген судья Элеонора Бакирова үкім оқыды. «Динара Бекболаева Қылмыстық кодекстің 130-бабы 2-бөлігімен айыпсыз деп танылып, ақталсын» деді судья.

Наурыздың басында Сүйін Абулда сотқа Ratel.kz порталының аймақтағы экс-тілшісі Динара Бекболаеваның үстінен жеке шағым түсірген. Шағым негізінде Қылмыстық кодекстің 130-бабы («Жала жабу) бойынша іс қозғалған.

Сүйін Абулда журналистің «Акимат ЮКО платил за троллинг Габидуллы Абдрахимова?» тақырыбында Ratel.kz сайтына шыққан мақаласында өзіне жала жабатын мәлімет барын айтқан. Бұдан соң мақалаға сот сараптамасы тағайындаған.

Журналистің айтуынша, Шымкенттегі мемлекеттік сараптама орталығы психология-филологиялық сараптама жасап, мақалада арызданушы Сүйін Абулданың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәлімет жоқ деген қорытынды шығарған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM