Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астанада тұрғын үйден өрт шығып, бес адам құтқарылды (видео)

KAZAKBOL.COM

Астанадағы Nova City тұрғын үй кешенінде жанып жатқан пәтерден балалар терезе арқылы құтқарылған.

Астанадағы Nova City тұрғын үй кешенінде өрт шығып, бес адам құтқарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті: адамдар балаларды терезе арқылы жоғарғы қабаттан, төменгі қабатқа түсірді. Үй маңында халық көп жиналған.

Қазақстанның ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, өрт туралы хабар диспетчер пультіне 2 наурызда сағат 14:19 кезінде түсіпті.

Оқиға орнына төрт негізгі және үш арнайы өрт сөндіруші көлік жіберілді. Өрт аумағы 15 шаршы метрді құраған, балкондағы үй заттары жанған екен.

«Оқиға орнына 14:27-де жеткен кезекші жасақ тоғыз қабатты «Nova City» тұрғын үй кешенінің жетінші қабатында пәтерден өрт шыққанын анықтады. Өрт сөндіру барысында 5 адам құтқарылды», — деп мәлімет берді ведомство.
Өрт 14:52-де ауыздықталып, сөндірілді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM