Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Атырау облысында 6 мың гектар жайылым өртеніп кетті

KAZAKBOL.COM

Тілсіз жаудың жаңа ошақтарының шығу қаупі әлі де бар.

28-30 шілде күндері Атырау облысында 6 мың гектар жайылымдық жер отқа оранды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Дала өрті Қызылқоға ауданының шамамен 3,5 мың гектар жері мен Индер ауданындағы 2,5 мың гектар жайылымдық жерді шарпыды. Индер ауданындағы өртті ауыздықтауға ТЖ департаментінің бөлімшелері мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан барлығы 45 адам және 13 техника жұмылдырылды. Қызылқоға ауданындағы тілсіз жауды 4 техниканың көмегімен 15 адам сөндірді», — деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт жексенбі күні кешке толықтай сөндіріліп бітті. Алайда, тілсіз жаудың жаңа ошақтарының шығу қаупі әлі де бар.
Фото: inform.kz
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM