Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ауған босқындары Әмудария арқылы Өзбекстанға қашып кіріп жатыр (видео)


Өзбекстан шекараны заңсыз кесіп өтуге қарсы қатаң шара қолданғанына қарамастан, ауған босқындары Әмудария өзені арқылы көрші елдің аумағына өтуге талпынып жатыр.

Ауғанстаннан қашқан босқындардың өзбек-ауған шекарасы арқылы өтуге талпынысы бір сәт тыйылар емес.

Сұрқандария облысына қарасты Музрабад ауданының бір тұрғынының айтуынша, 12 қыркүйекте мемлекет шекарасын бір топ ауған босқыны кесіп өткен.

– 12 қыркүйекте, түнгі сағат екілер шамасында, Музрабадта бірнеше ауған босқынын көрдім. Олар жергілікті тұрғындардың есігін қағып, нан сұраған. Бір үйдің қожайыны айқай шығарып, көмек шақырған. Естуімше, сегіз ауғанды ұстаған. Қазір сарбаздар мен әскер күзетшілері Музрабад көшелерін күзетіп жүр. Тағы үш ауған азаматы ұсталғаны, енді бесеуін іздестіріп жатқаны туралы әңгіме тарады, – деді Музрабад ауданының бір тұрғыны.

Дереккөздің айтуынша, ауған босқындары Өзбекстан аумағына түрлі жолдармен өтуге талпынып жатыр.

Өзбекстан билігі Ауғанстанмен арада орналасқан шекарадағы жағдай туралы ешқандай мәлімет таратқан жоқ.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, өзбек-ауған шекарасы толық жабық тұр.

Бұның алдында Өзбекстан билігі «Талибан» қозғалысымен тығыз байланыс орнатқанын мәлімдеген. Тәліптер де өзбек билігінің мәлімдемесін жоғары бағалады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM