Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақ халқының тарихына куә болған италиялықтар көз жасын тоқтата алмады (фото)

KAZAKBOL.COM

Фото: comode.kz

Римде режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» тарихи кинокартинасының көрсетілімі болып өтті. Фильмді тамашалаған италиялық көрермендер оқиға желісінен қатты әсер алып, көз жасын тыя алмады деп хабарлайды comode.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Фильмнің көрсетілімі «Casa del cinema» кинотеатрында өтті. Италиялықтар қазақ халқының тарихына үлкен қызығушылық танытып, көз жасын тыя алмаған көрермендер де болды.

Фото: comode.kz

Көрермендермен кездесуде фильмде басты рөлді сомдаған Аружан Жазылбекова мен Алтынай Нөгербек те болды.

«La strada verso la madre! Бұл фильмнің итальянша атауы. Біздің фильмнің Римдегі кинозалда көрсетілуі біз үшін қуаныш. Қалыптасқан мектеп, ұлы режиссерлер мен әртістердің отаны. Қорқынышты болды», — деп жазды Аружан желідегі парақшасына.

Фото: comode.kz

Еске салсақ, фильмнің бас продюсері — Әлия Назарбаева. Оқиға желісі елімізде 1930 жылдары орын алған тарихи-саяси жағдайға негізделіп жасалған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM