Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қазақстан этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайды Қытайға бермеді

KAZAKBOL.COM

1 шілдеде Алматы облысының Панфилов аудандық соты Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға алты ай шартты жаза кесіп, Қазақстанда қалдыру туралы үкім шығарды. Судья Динара Құйқабаева Сайрагүл Сауытбайды Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтті деп айыптап, алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру, бірақ оны «жазасын жеңілдететін ерекше жағдайына» байланысты шартты жазаға алмастыруға үкім кесті.

Судья үкім оқыған кезінде сот барысында Сайрагүл Сауытбайдың қылмысты «отбасымен қауышу мақсатымен жасағаны» анықталғанын, қылмысы «ауыр емес» деп есептейтінін айтты.

Судья Сайрагүл Сауытбайға жаза тағайындауда Қазақстан қол қойған БҰҰ-ның халықаралық Бала құқықтары жөніндегі конвенциясы басшылыққа алынғанын айтты. Сауытбайдың этникалық қазақ екені әрі Қазақстан азаматтығын алуға құқығы бары ерекше жағдай ретінде ескерілген.

Үкімнен соң Сайрагүл Сауытбай сот залынан босатылды.

Бүгін түске дейін соттың жарыссөз кезеңінде прокурор Арзыгүл Имярова оны Қазақстан аумағынан шығармауды, жазасын жеңілдетіп, сот залынан босатуды сұраған. Прокурор Сауытбайдың балалары Қазақстан азаматы екенін, осы елде тұратынын және балаларымен кездесуін қамтамасыз ету қажеттігін айтқан. Ол осыған байланысты әрі Сауытбай қылмысын мойындағандықтан оған Қазақстаннан шығару жазасы қолданылмайтынын жеткізген.

Сот тергеуі кезінде Сайрагүл Сауытбай өзіне тағылған айыпты толық мойындайтынын айтып, прокурормен процессуалдық келісім жасасуды сұраған. Ол өзіне Қытайда «саяси қысым жасалғандықтан шекарадан заңсыз өтуден өзге жол қалмағанын» мәлімдеген. Сауытбайдың сөзінше, ол Қытайда құпия саналатын «саяси үйрену орталықтарында» жұмыс істеген, «мемлекет құпиясын әшкерелемеу» туралы қолхат берген. Сайрагүл Сауытбай Қытайға қайтарылса, ол елде өзіне өлім жазасы кесілуі мүмкін екенін, Қазақстанда қандай жазаға да келісетінін мәлімдеген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM