Қазақстан 600 млрд теңгені (шамамен 1,6 млрд доллар) экономикаға несие бөлу үшін екінші деңгейлі банктерге аударады. Бұл қаражаттың жарымы Ұлттық банктен, қалғаны — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынады.
Үкімет бұл ақшаға өңдеу және агро салаларында жаңа өндіріс орындарын ашып, шағын және орта кәсіпке қолдау көрсеткісі келеді.
Сондай жобалардың бірі — ірі қант зауыттарын ашу. Қазақстан жылына 500 мың тонна қант тұтынады, бірақ елде бар болғаны 50-60 тонна ғана өндіріледі. Қалғаны шетелден әкелінеді. Соңғы уақытта Ресейде қант қызылшасы өнімі азайған.
Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, экономиканың түрлі секторларын қамтитын төрт мыңға жуық жобаның тізімі дайындалды. Солардың ішінде ел экономикасына қажетті өнімдерді өндіруге басымдық беріледі, деді үкімет басшысы.
KAZAKBOL.COM