Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда сегіз колонияны жабудан жылына 34 млн доллар үнемделеді

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда сегіз колонияның жабылуынан жылына 12 млрд теңге (шамамен 34,5 млн доллар) үнемделеді.

Бірақ жазаны жүзеге асыру жүйесіндегілер колониялардың жабылуын бюджет мәселелерімен емес, 31 шілдеде қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамаларды гуманизациялауға бағытталған заңның күшіне енуімен байланыстырды.

Заңға сәйкес, экономикалық және жемқорлық қылмысын жасаған бес мың жазасын өтеуші шығынның 80 пайызын өтеп, жеңілдік ала алады.

«Оларды ешкім босатқалы жатқан жоқ, шығын өтелген жағдайда, олар қоныс колониясында қала береді. Біз оларды басқа да қылмыскерлерден оқшаулаймыз. Бірақ олар бұрынғыдай күнделікті жұмыстарын атқара береді», – деп түсіндірді Қазақстан бас прокуратурасының орынбасары Марат Ахметжанов.

Қылмыстық саясатты гуманизациялау туралы жаңа заңда Қазақстанда қоғамға қауіптілерді ғана оқшаулау қажеттігі айтылған. Ал қалғадары түрмеде отырмай, қоғамға пайдасын тигізуі керек, деп есептейді Бас прокуратурадағылар. Мысалы – қоғамдық жұмыстармен айналысуына болады. Заң күшіне енген соң, мұндай жұмыстарға мыңдаған адам тартылады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM