Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Азаттыққа қарсы сот: сотта «Настоящее время» сюжетіне жасалған лингвистикалық сараптама нәтижесі айтылды

KAZAKBOL.COM

26 сәуірде Бішкектің Ленин аудандық соты елдің мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің Азаттыққа қарсы шағымына байланысты лингвистердің пікірін тыңдады.

Қырғызстанда Азаттықтың сайтының бұғатталуына себеп болған «Настоящее время. Азияның» 2022 жылдың 16 қыркүйегінде жарияланған сюжетті лингвист Жийде Семенова зерттеген. Сот алдында ол материалда ұлтаралық араздықты туғызатын және соғысты насихаттайтын мінез бар ма деген сұрақтарға жауап берді.

«Бұл материал ақпараттық сипат алады. Сұқбатта екі тараптың да пікірі берілген. Сол себептен лингвист мұны насихат деп айта алмайды», — деді сарапшы. Ал материалға заңдық баға беру заңгерлердің еншісінде деді ол.

Келесі сот отырысы 27 сәуірде өтеді.

24 наурызда Бішкек қалалық соты Азаттық шотының бұғатталуына байланысты сотқа түскен өтінішті орындаудан бас тартқан.

23 қаңтарда Қырғызстан ақпарат министрлігі «Азаттық Медиа» жұмысын БАҚ ретінде тоқтату туралы сотқа талап арыз түсірген. Талап арызда даулы видеоматериал жойылмағаны, әлеуметтік желіде тарап жатқаны айтылған.

Министрліктің ұстанымынша, «Азаттық Медиа» әрекеті БАҚ туралы қырғыз заңының «ұлтаралық алауыздық туғызбау туралы» бабына сай келмейді.

Қырғызстанның ақпарат, мәдениет, спорт және жастар саясаты министрлігі 2022 жылы 26 қазанда «Азаттық Медиа» сайтын бұғаттау туралы шешім шығарған. Оған «Настоящее время» телеарнасында жарияланған қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс туралы сюжет себеп болған. 26 желтоқсанда шешімнің күші одан әрі ұзартылды. Министрлік «Азаттық Медиа» бұл видеосюжетті сайттан алып тастағанша, ол бұғаттала беретінін айтқан.

«Азаттық Медиа» алғашқы күннен-ақ бұл шешімді мойындамайтынын мәлімдеп, заңсыз екенін дәлелдеуге тырысқан.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті әрі бас директоры Джейми Флай қырғыз Азаттығының жұмысын жалғастыру үшін барлық құқықтық тетікті пайдаланатынын мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM