Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БҚО-да Ми-8 тікұшағы сәтсіз қонып, төрт адам қаза тауып, екі адам жараланды

KAZAKBOL.COM

23 ақпанда БҚО Чапурино елдімекенінен 6 км жерде Ми-8 тікұшағы сәтсіз қонып, төрт адам қаза тауып, екі адам жараланды. Тікұшақта барлығы жеті адам болған.

Экипаж «Қазтрансойл» компаниясының тапсырысымен құбырларды тексеруге шыққан. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Кейін «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы қаза тапқан төрт адам осы мекеме қызметкері екенін хабарлады.

Ақпаратқа сай, төтенше жағдай министрлігінің іздеу тобы тікұшаққа жеткен. Комитет «индустрия және инфраструктуралық даму министрлігінің транспорт жағдайларын тергеу департаментінің қызметкерлері оқиға орнына ұшып шықты»деп мәлімдеді.

Азаматтық авиация комитетінің дерегінше, 2022 жылы шығарылған Ми-8АМТ тікұшағы «Қазавиқұтқару» акционерлік қоғамына тиесілі болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, тікұшақ сақтандырылған, 2023 жылы қаңтарда техникалық тексеруден өткен.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы Азатыққа зардап шеккен екі адамды қалалық аурухана күтіп отырғанын хабарлады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM