Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БҚО-дағы ереуіл: KKS-Sicim бас директоры жұмысшылар айлығын 50 пайызға көтеру мүмкін еместігін айтты

KAZAKBOL.COM

БҚО Ақсай қаласындағы Қарашығанақ кен орнында KKS-Sicim компаниясы жұмысшыларының 16 қаңтарда басталған ереуілі әлі жалғасып жатыр. 19 қаңтарда Италиядан Sicim компаниясының бас директоры Джузеппе Роделли ұшып келіп, жалақыны 50 пайызға өсіруді талап еткен жұмысшылармен кездесті.

Ол жұмысшылармен аудармашы арқылы сөйлесіп, талабын тыңдады. Бұл туралы Азаттыққа жұмысшылар айтты.

Ереуілге шыққандардың сөзінше, Джузеппе Роделли де жалақы тек 20 пайыз көтерілетінін алға тартқан. Бұған дейін облыс әкімі Нариман Төреғалиев мен компанияның өңірдегі басшылығы да жалақыны 20 пайызға көтеруге мүмкіндігі барын айтқан еді.

Жұмысшылар Роделлиге 20 пайыз туралы жауапты ереуіл басталғалы естіп келе жатқанын, мұнымен келіспейтінін жеткізген. Италиядан келген басшы кездесу кезінде «қалайда шешім табуға тырысатынын» айтып, жұмысшылардан өзін «қазақ» ретінде қабылдап, сенім артуды сұраған.

Одан соң Джузеппе Роделли нақты жауабын Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиевпен кездесуден кейін айтатынын жеткізіп, кездесуге кеткен. Жұмысшылардың сөзінше, Роделли әкіммен кездескеннен кейін келіп, ақпанда жалақы тек 20 пайызға көтерілетінін, биыл тамызда тағы 10 пайызға көтеруді қарастыратынын айтқан. Жалақыны 50 пайызға өсіруге компанияның мүмкіндігі жоғын жеткізген.

Ереуілге шыққан жұмысшылар бұған келіспейтінін, жалақыны 50 пайызға көтеру талаптары орындалмайынша ереуілді жалғастыратынын мәлімдеді. Сөздерінше, ереуілге шыққан жүздеген жұмысшы вахталық жүйемен (14 күн жұмыс/14 күн демалыс) жұмыс істеп, айына 180-250 мың теңгенің арасында жалақы алады.

Бұған дейін облыс әкімдігі KKS-Sicim жұмысшыларының «талабы орынсыз» деп мәлімдеген еді. Осыдан соң жұмысшылар әлеуметтік желілер арқылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрап, видеоүндеу жариялаған.

Видеоүндеуде олар қымбатшылық қысқан шақта жалақы жетпейтінін, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген.

БҚО әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрхат Жамбоз 18 қаңтарда Азаттыққа KKS-Sicim компаниясына қатысты тексеріс басталғанын, қазір оқиға орнында облыстың еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Асылұлан Досжанов пен облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жүргенін хабарлады.

Азаттық Нарымбетовке хабарласқанда, ол Ақсайдан кетіп қалғанын, қазіргі ахуалды сонда жүрген Досжановтан біле алатынымызды айтқан. Азаттық тілшілері Досжановқа бірнеше рет хабарласқанымен, телефонын көтермеді

17 қаңтарда БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Астанада үкімет отырысынан соң журналистерге «жұмысшылардың талабы орынсыз екенін айтқан. Әкім жұмысшылар жұмысқа шықпаса «шара қолданылады» деп те ескертті.

17 қаңтарда жұмысшылармен кездесуге Атыраудан барған компания директорының орынбасары Әділхан Ақботин жұмысшыларды жұмысқа шығуға көндіре алмады.

KKS-Sicim – италиялық SICIM және қазақстандық «КазКомСервис» компанияларының бірлескен мекемесі. Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясының мердігері KKS-Sicim компаниясы газ және мұнай магистралды құбыр желісін салумен айналысады. БҚО әкімдігінің дерегінше, KKS-Sicim компаниясында қазір үш мыңдай жұмысшы бар, солардың 500-ге жуығы ереуілдетіп тұр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM