Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Назарбаев жүрегіне операция жасатты

KAZAKBOL.COM

Экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне операция жасатқанын хабарлады.

«Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне операция жасатты. Операция сәтті өтті. Бірінші президенттің өміріне қауіп жоқ. Қазір ол [дәрігерлер] бақылауында. Операция ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында белгілі кардиохирург Ю.Пяның жетекшілігімен өтті» деп жазды Үкібай Тwitter’де.

20 қаңтарда мемлекеттік «Хабар» агенттігінің бұрынғы басшысы Александр Аксютиц Facebook парақшасында Назарбаевтың Астанадағы ауруханалардың біріне жатқызылғанын, дәрігерлер экс-президенттің жүрегін тексеріп жатқанын хабарлаған. Ізінше Qumash телеграм-арнасы экс-президенттің Астанадағы ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында екенін жазды.

Азаттық жұма күні орталыққа хабарласқан кезде олар «науқастар туралы ақпарат құпия екенін» айтып, жауап беруден бас тартқан.

Сарапшылар 82 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалы Қаңтар оқиғасынан кейін әлсірей бастағанын айтқан. Кемінде 238 адамның өмірін қиған қанды оқиғадан соң Назарбаев айналасындағы бірқатар лауазымды иелер қызметтерінен кетіп, кейбірі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Экс-президенттің кейбір туыстары да сотқа тартылды.

Назарбаев Қаңтар оқиғасынан бері жұрт алдына сирек шыға бастады. Соңғы рет президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясы кезінде жұрт алдына шыққан.

Былтыр елде тұңғыш президентке қатысты нормалар Конституциядан алынып, жуырда «Тұңғыш президент — Елбасы» заңының күші жойылды.

Дегенмен сарапшылар аталған заңның күші жойылса да, бұл Нұрсұлтан Назарбаевқа берілетін жеке артықшылықтар мен оның қолсұқпаушылық статусына аса әсер етпейді деп санайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM