Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БҚО-да «Көк кит» ойынына шырмалған оқушылар қашан өлетінін жариялай бастады

KAZAKBOL.COM

Көк кит ойыны. Көрнекі сурет: vk-smi.ru

Суицидке итермелейтін «Көк кит» ойынының алғашқы құрбандары өткен жылы тіркелген. Батыс Қазақстан облысында екі оқушы асылып қалыпты. Бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері мәлімдеді деп хабарлайды Астана арнасы.

Биыл тағы екі бала осы ойынның құрбаны бола жаздаған. Прокурорлар алдын алу жұмыстары кезінде «Вконтакте» желісінің өзінде 12 топтың жастарды өлімге шақыратынын анықтаған. Дені ресейлік сайттар. Олардың ішінде әйгілі «Көк кит» те бар.

«Әлеуметтік желілерді тексеріп, мұндай қайғылы жағдайға жол бермедік. Қазір бұл балалармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Енді зиянды сайттарды бұғаттау туралы ұсыныс дайындап жатырмыз. Тексере келгенде 15-17 жастағы жасөспірімдердің суицидке бейім екендігі анықталды. Олардың мұндай күйге түсуіне ата-аналарымен сөзге келуі, жеке басындағы сәтсіздіктер мен әлденеден қорқуы себеп болыпты. Қауіпті ойынға шырмалған олар желіде тіпті қашан өлетінін де жариялаған«, — дейді  БҚО прокурорының аға көмекшісі Алмагүл Исмағұлова.

Жамбыл облысының прокурорлары да қос бірдей оқушы қауіпті ойынның шырмауына іліккенін анықтаған. Балалар аман. Осы ойынды жеткіншектердің жаңадан ойнай бастағанын прокурорлар әлеуметтік желіге жүргізген мониторинг барысында анықтап отыр.

«8-ші сынып оқушысы «Синий кит» ойынының 2-ші кезеңіне жеткен екен. Біз балаларды «ВКонтакте» желісінен анықтадық. Оларға ойын барысында 1-2 сағатқа музыка тыңдап, қолдарына қаламсаппен киттің кескінін салу тапсырылыпты. Қазір балалардың жағдайы жақсы. Олармен психологтар жұмыс жүргізіп жатыр. Ең сорақысы, оқушылар букмекерлік әрі порно сайттарға кез-келген сынып компьютерімен кіре береді. Біз былтыр прокурорлық тексеріс барысында бұған шектеу қойғанбыз. Білім басқармасындағылар тапсырманы орындамағаны қынжылтады», — дейді  Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Абырой Азаматов.

Шығыс Қазақстанда да екі оқушы осы ойынды ойнамақ болған. Прокурорлар оларды дер кезінде тоқтатыпты.

«Біз пабликте «Көк киттің» Семей қаласының аспанында қалықтаған суретінің пайда болғанын байқадық. Ары қарай бақылай отырып бұл ойынға 2 кәмелеттік жасқа толмаған жас балалардың қызығушылық танытқаны білдік. Жастардың дені парақшаларға өз аты-жөнімен тіркелмейді. Сондықтан табу қиын. Бірақ біз, оларды анықтап, бірден психологқа жібердік. Олар ешбір тапсырмаларды орындап үлгермеген», — дейді  ШҚО прокуратурасы бірінші басқармасының басшысы Рустам Шидердинов.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM