Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бадамда әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады

KAZAKBOL.COM

9 мамыр Жеңіс күні әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бригадасының жеке батальоны мен дивизионының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовты құттықтады.

 

Ардагер мен оның балалары әскери қызметкерлерді жылы қарсы алып, үйдің үлкені өзінің соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. Соғыс басталған кезде Қалмен ата 18 жаста болыпты. Майданға аттанар алдын Аягөз қаласында үш айлық командирлік курстан өтіп, бітіргеннен кейін «кіші сержант» атағын алып, мотоатқыштар бөлімінде қызмет етуге аттаныпты. Ол полкімен бірге Великие Луки, Ржев және басқа да қалаларды азат етуге қатысқан. 1944 жылы ақпанда Витебск қаласын азат ету кезінде сол қолына оқ пен граната сынығы тиіп жарақат алып, Дзержинск қаласындағы эвакуациялық госпитальге жіберілді. Онда оған «сол жақ білектің радиалды зақымдануы» диагнозы қойылып, әскери медициналық комиссияның шешімімен қызметтен босатылыпты.

Соғыстан кейінгі жылдары Қалмен ата теміржолшы болып жұмыс істеген. 6 ұл және 2 қыз тәрбиелеп, солардың 31 немересі мен 36 шөбересіне көзайым болып жүр.

Батальон мен дивизион командирлері ардагер мен оның отбасын ең өымбат мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, еңбексүйгіштігі мен патриотизмі үшін алғыс білдіріп, гүлдер мен сыйлықтар табыс етті.

«Сіздің ұлы Жеңіске қосқан үлесіңіз мәңгі жүрегімізде қалады. Сіздер әскери қызметшілер үшін батырлықтың, ерліктің үлгісі болып саналасыздар. Біз Отанымыздың қауіпсіздігі мен тұтастығын сенімді қорғауға, сіз бізге сыйлаған бейбітшілікті сақтауға міндеттенеміз», – деді майор Әнуар Қаржасбаев.

Құттықтаудан басқа, әскери қызметшілер ардагердің үйіндегі бақшаның жерін аударуға көмектесті.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM