Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Басқаларға бақыт сыйла!

KAZAKBOL.COM

1. Бақытты сатып ала алмайсың. Бірақ, велосипедке қарағанда «Мерседесте» жылаған ыңғайлы.

2. Жауыңды кешір, бірақ ол оңбағанның атын ұмытпа.

3. Кейбір адамдардың тірі жүргені- өлтіру заңға қайшы болғандықтан.

4. Ішімдік ішу қиыншылықтарды шешпейді. Бірақ- сүт те.

Ия, суық! Ия, қыс! Бірақ ауа райының көңіл күйіңізге қатысы жоқ қой, ең бастысы жаныңыз тоңбасын! Ал, ар жағында көктем де келіп қалады!

Бұл қыста саған қажеттісі….Барыңды сақтасаң…Армандағаныңа жетсең…. Кімнен қателескеніңді сызып тастасаң….

Тағдырға өкпелеген сені жұтып қоймайды…..Өмір берген сабақтары күннен күнге бағалырақ….Сенсіз жүре алмайтындарға алғысыңды білдір…..Сенсіз бақыттыларға кедергі жасама ….

Естеріңізден шығармаңыздар! Бір тамшы өтірік, мұхиттай сенімді құртады.

Шыдамды адамның ақылы көп, ал ашушаң ақымақтықты айтады.

Басқаларға бақыт сыйлаудан қорықпаңдар, міндетті түрде ол сізге қайта келеді!

Әр кім басқаға өз жүрегінде барын береді.

Бір-біріңнің көңілдеріңді көтеруді ұмытпағайсыңдар, бір-біріңнің асқақ армандарыңды қолпаштаңдар. Бұл ессіз өмірде әр уақытта сені қолдайтын адам бар екенін білу қандай керемет!

Сіздің жүзіңізге күлкі үйіретіндерді жақсы көріңіз.

Жаңа жылдың алдындағы ессіз дүрбелең-ай! Біз жыл бойы үйді жинамағандай, жөндеу жұмыстарын жүргізбегендей, зат сатып алмағандай және киінбегендей сияқты боламыз….Осының бәрін желтоқсан айында есімізге аламыз!

Адамдар- түсініксіз тіршілік иесі: бір-біріне жамандық жасайды, ал кешірімді Алладан сұрайды,көбінің мойнында тұмары бар, ал жүректері…… бос.


Рабига Сыргабаева

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM