Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бас прокуратура: Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу 33 пайызға азайды

KAZAKBOL.COM

21 сәуірде бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі құқық қорғау ахуалын баяндап, прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысы жайлы есеп берген. Бұл туралы Ақорда сайты жазды.

«Ғизат Нұрдәулетовтің айтуынша, сотқа дейінгі тергеу органдары прокурорлармен негізгі шешімдерін келісудің арқасында азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу 33 пайызға азайған» делінген хабарламада.

Бас прокурор мемлекет басшысына сонымен бірге «кәсіпкерлерді мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау» мәселесі бойынша бірқатар мағлұмат берген. Оның айтуынша, «жыл басынан бері 22 мың кәсіпкердің құқығы қорғалған, 357 заңсыз тексеру мен мемлекеттік органдардың 56 актісі жойылған».

Қазақстанда азаматтар прокуратура органдарының «заңсыз әрекетіне», конституциялық құқықтарының қорғалмайтынына жиі шағымданады. Ақпан айында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған бір топ адам Ақордаға барып, сот пен құқық қорғау органдарының әрекетіне шағымданған.

Халықаралық The World Justice Project үкіметтік емес ұйымының заң үстемдігі рейтингісінде Қазақстан 113 елдің ішінде 62-орында тұр. Былтыр оның жемқорлық жоқтығы, азаматтық және қылмыстық сотта әділдікке қол жеткізу көрсеткіштері сәл жақсарып, билік өкілетін шектеу, ашық үкімет және негізгі құқықтар бойынша көрсеткіштері нашарлаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM